ын еске түсіреді.
5-жаттығу. Мақалдың жалғасын іздеп табу, түгел көшіру міндетті емес. Мақалдар бүгінгі күннің тақырыбына байланысты білімнің адам өміріндегі маңызына арналған. Осы мақалдардың мазмұны арқылы білімнің қажеттілігі туралы ой-пікірлер қорытындылайды.
6-жаттығу. Әр сөйлемге бір сөзден қосылып оытрады. Оқушылар әр сөз қосылған сайын сөйлемнің мағынасы кеңірек ашыла түсетінін байқайды. Үйге берілген жаттығуды мұғалім сынып оқушыларының деңгейін ескере отырып, өзі таңдайды.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау үшін мынадай сұрақтар қойылады:
oo Сөйлем дегеніміз не?
oo Сөйлемнің қандай түрлері бар?
oo Сөйлемнің сөзден қандай айырмашылығы бар?
oo Сөйлем неден құралады?
oo Сөз дегеніміз не?
oo Сөз неден құралады?
oo Сөйлемнің алғашқы сөзі қандай әріппен жазылады?
oo Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
Ү. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымалды қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсір, қайталау
Дамытушылық мақсаты: дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету
Тәрбиелік мақсаты: буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: сөз, буын карточкалары, заттық суреттер
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Үй тапс
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>