Зат есім

Страницы: <<  <  111 | 112 | 113 | 114 | 115  >  >>

мен қоректенген. Ұясына 1 ғана жұмыртқа салатын. Оны кезекпен 49 күн басып отырған.
Сөйлемдердегі цифрларды сөзге ауыстырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Екі сөзден тұратын сан есімнің астын сыз.

2-жаттығу. Сурет бойынша мәтін құрастыр.

Мәтінге ат қой. Құрастырған мәтінің мәтіннің қай түріне жатады?
Сан есімдерді тап. Оларға сұрақ қой. Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.
3-жаттығу. Берілген сан есімдерді зат есімдермен тіркестіріп жаз.
Жеті, үш, отыз, төрт, мың, тоқсан, жиырма бір.
Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.
4-жаттығу. Цифрларды сөздерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Балқарағай 400-500 жыл өмір сүреді. 2. Тасбақа 100 жылдан астам өмір сүреді. 3. Көк киттің ұзындығы 30 метрден асады. Оның салмағы 160 тонна болады.
Сан есімдердің астын сыз.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу. Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді теріп жаз.
Сегізбай, сегіз, алтын, алты, тоқсандық баға, тоқсан, жүзгіш, жүз бір, қырықтық, қырық, Елубай, елу.
Сан есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.
2-жаттығу. Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.
3-жаттығу. Жүмбақты оқып, шешуін тап.
Қатар өскен дос құсап,
Екі жақта қос бұтақ. Әрқайсысында
Біреуі қысқа,
Біреуі ұзын
Бес бұтақ.
Жүмбақт

Страницы: <<  <  111 | 112 | 113 | 114 | 115  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: