Зат есім

Страницы: <<  <  107 | 108 | 109 | 110 | 111  >  >>

күннен кейін шығады. 4. Асқардың сәйгүлігі мәреге бірінші болып жетті. 5. Құнан деп үш жастағы жылқыны айтады.
Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі цифрдың тиістісін сөзбен жаз.
1. . . . (7, 0) жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды. 2. Болат . . . (1, 100) сыныпты үздік бітірді. 3. Құстың . . . (4, 2) қанаты бар. 4. . . . (2, 3) аяқты велосипедке бүлдіршіндер мінеді. 5. Біздің ауыл мен аудан орталығының арасы . . . (15,1) шақырым жер болады.
Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
5-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.
Ынтымақ күні
Ортақ - дәстүр,
Ғұрып бай.
Ынтымағын суытпай:
Шаңырақты көтерген,
Жүз түрлі ұлт -
Жүз уықтай!. .
Шыңға тартса салып жол,
Қиналмайды талып бел:
Жүз иыққа сүйенген,
Қазақстан - Алып ел!. .
Ө. Ақыпбекұлы
Өлеңнің мазмұны не жайында? Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын тауып айт. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр. Жүз сөзіне мағынасы жуық бірнеше сөз ойла.
I мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.




















Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Плутон
Күн жүйесінің тоғызыншы ғаламшары - Плутон. Оның бір ғана с

Страницы: <<  <  107 | 108 | 109 | 110 | 111  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: