. 2. Айдос кітапты қызыға оқыды. 3. Көктемде малдар төлдейді. 3. Балалар құстарға ұя жасады. 5. Көл баяу толқыды.
Етістіктерді тап. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Бекіту сабағы.
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Байқоңыр - қазақ даласындағы халықаралық ғарышжай. Байқоңырдан бірінші рет ғарышқа Юрий Гагарин ұшты. Содан бері әр елден екі жүздей ғарышкер аспан әлеміне самғады. Тоқтар Әубәкіров - бірінші қазақстандық ғарышкер. Екінші қазақстандық ғарышкер - Талғат Мұсабаев. Т. Мұсабаев ғарышта үш рет болып қайтты.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Осы сөздер нені білдіреді?
Халықаралық ғарышжай деп аталу себебін білесің бе?
2-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа оқы, жаз.
-Үш қап жаңғақ көп пе?
Бес қап жаңғақ көп пе?
-Үш қап жаңғақ көп емес,
Бес қап жаңғақ көп.
Б. Кірісбайұлы
Заттың санын білдіретін сөздерді тап, оларға сұрақ қой.
Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады: жеті, жетінші, елу, он тоғызыншы.
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Алматы қаласындағы республикалық мұражай төрт залдан тұрады. 2. Жексенбі - аптаның жетінші күні. 3. Қоқиқаздың балапаны жұмыртқадан жиырма сегіз
Страницы: << < 106 | 107 | 108 | 109 | 110 > >>