Зат алмасу процесі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ізгі энергия алмасу 4-14 пайызға, көмірсуларды, қантты қабылдағанда 4-7 пайызға. Тіпті шай мен кофенің бір стақаннын ішкенді 8 пайызға жоғарылайды екен.
Адамның энергия қорының балансын сақтау үшін кез келген қоректік затта ретсіз қабылдап отыру қажет емес. Сондықтанда адам тіршілігі барысында бірқалыпта дұрыс жағдайда жүру үшін қоректік заттардың құрамында органикалық және бейорганикалық заттардың ара қатынастарының белгілі бір деңгейдегі тиімді мөлшеріне байланысты .
Қаңқа еттері, нерв жүйесінің басты энергия көзі глюкоза, ал жүрек еттерінің бірқалыпты қызметі май қышқылдарының тұрақты келіп тұруына байланысты. Ал белокты организм онша көп керек етпейді, өйткені белок тотыққан кезде организмге улы заттар бөлініп шығады, тез сыртқа шығып отырмаса клеткаларды, ұлпаларды уландырып, денсаулықты бұзуы мүмкін. Сондықтан осы 3 заттың организмге тиімді мөлшері мынадай қатынаспен көрсетіліді: белок-май-көмірсу-1:1:2;4 немесе 12,30,35 пайыз. Тәуліктік мөлшері адам күніне физикалық жұмыспен айналысқанда 2750-2800 ккал энергия жұмсалатын болса, онда қоректік заттың құрамында тәулігіне 80-90г белок, 100г май, 360-500г көмірсу міндетті түрде болуы керек.
Белокты қарастырар болсақ ол амин қышқылдарынан тұрады, олардың әрқайсысының адам организмі үшін маңызы зор. Олардың ішіндегі 8 ауыстырылмайтын, 12 түрі ауыстырылатын амин қышқылдарынан тұрады. Бірінші 8 түрінің ауыстырылмайтын деп аталу себебі, ол адам организмінде синтезделмейді, оны дайын түрде тамақтың құрамынан алады. Оларға жататындар: триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, метионин, цистейн, күкірт пен байланысты және ароматты амин қышқылдары, фенилаланин, тирозин, гистидин. Олардың биологиялық сапасы жоғары адам организміне керекті гормондарды, ферменттерді, белоктарды синтездеуге қатысады. Екінші 12 т

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: