Зат алмасу процесі

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

бір бөлігі организге сіңбей, зәр шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Мысалы: белоктың 94,5, майлардың 94, көмірсулардың 95,6 пайыздары денеге сіңеді де, қалған мөлшері сыртқа шығып отырады.
Сонымен қоректік заттардың химиялық құрамы белгілі болса, оның адамға тәулігіне қанша энергия бөлінетінін анықтауға болады.
Егер қоректік заттардың калориясы жетіспесе, онда ағзаның қорындағы майлар мен көмірсулар пайдаланылады. Ал қоректік заттың құрамындағы энергия шамадан тыс көп мөлшерде болса, онда қоректік заттар аз мөлшерде сіңіріліп, сыртқа тез шығады. Ал, энергияның жетіспеуі ұзаққа созылып кетсе, онда барлық қорланған заттарды жұмсап, ең соңында бұлшықеттердің салмағы азайып, соның нәтижесінде организмнің жалпы жағдайы нашарлап ауруға ұшырайды. Енді осыған тоқталсақ 2, с. 7:
Мамандардың зерттеулері бойынша организдегі энергияның жұмсалуын анықтаудың 3 жолы бар:
1) негізгі алмасу
2) қоректің заттардың өзіндік ерекшелігі
3) бұлшықеттердің іс-әрекеті.
Негізгі зат алмасу дегеніміз-адамның тыныштық күйі кезіндегі оның тіршілік қызметіне жұмсалатын минималды энергия саны. Осындай алмасу кәдімгі бір қалыпты жағдайда, мысалы, ұйықтап жатқан кезде болады. Оны анықтау үшін белгілі стандартқа сай келетін ер немесе әйел адамды аламыз (жасы-30, салмағы-65кг ер адам немесе жасы 30, салмағы-55 кг әйел). Негізгі зат алмасудың орташа энергия көрсеткіші ерлерде-1600, әйелдерде-1400 килокалория. Ол адамның жасына салмағына байланысты болып келеді.
Қоректің заттардың өзіндік ерекшелігі
Ғалымдардың зерттеулері бойынша қоректік затты қорытуға әр түрлі дене қимылынсыз да энергия жұмсалады. Оның ішінде белоктарды қорыту үшін көп энергия кетеді екен. Соның нәтижесінде энергия алмасу 30-40 пайызға жоғарылайды 3, с. 8.
Майлы тағамды қабылдағанда нег

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: