қ технологияларын қарастырып, қолдану, тағам сапасы, шикізат металдарды кешенді өндіру технологиялары, өндірістік қауіпсіздік, химия саласында қызмет атқаратын адамдардың жаңа технологиялық үрдістегі ғылыми зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып осы мәселелердің шешімі болатын тұстарды ашу болып табылады.
Адам ағзасындағы зат алмасу үдерісінің негізгі бөлігін Д. И. Менделеевтің периодтық кестесіндегі элементердің 60 жуығы атқарады. Ағзада, тағамдарда мөлшері жағынан ең көп кездесетін -10-2 элементтер, яғни (Ca, Mg, K, Na, P, S, Cl т,б) макроэлементтер деп аталады.
Тағам құрамында өте аз мөлшерде кездесетін-10-3 -10-5 элементтер, микроэлементтер деп аталады. Егер азық қорында элемент құрамы 10-5 төмен болса, онда ультрамикроэлементтер деп аталады. Негізгі ультра-микроэлементтерге Se, As, Y, Ni, Ag, Ba т. б жатады. Ағза тіршілігінде атқаратын рөліне, маңыздылығына қарай минералды элементтер:1) ағзаға ең қажетті (Ca, P, K, Na, Cl, S, Mg, Fe, Co Zn, Mo, J); 2) тіршілікке қажет, бірақ биологиялық қасиеті нақты анықталмаған (F, Ti, Ni, Si, Cr, Br, Cd, Al, Sr); 3) биологиялық қасиеті аз зерттелген, бірақ ағзада жиі кездесетін элементтер болып үш топқа бөлінеді.
Тағам құрамындағы минералды заттардың артық немесе кем болуы ағзадағы май, көмірсу, белоктардың алмасуын бұзады, яғни ағза тіршілігіне ауытқулар тудырып, көптеген аурулардың пайда болуына жол ашады. Минералды заттар ағзада бос және байланысқан күйде болады. Кейбір химиялық элементтердің жетіспеушілігінен мысалы: Са – бойдың өсу тежелуі; Mg-бұлшық еттің тырысуы; Ғе-анемия; Zn- терінің зақымдануы, бойдың өсуі мен жыныстық ерекшеліктердің дамуының тежелуі; Cu- артерияның әлсіздігі, бауыр қызыметінің зақымдалуы; Мn –ұрпақсыздық, қаңқа сүйектерінің өсуінің тежелуі; Мо- тістің шіруге бейімделуі; Со- зиянды
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>