Занимательная математика

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жумабаев ауданы
КММ "Қарақоға орта мектебі"
Хайдарова Жания Абайқызы
математика және информатика мұғалімі

5-сыныптарға арналған математика пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: "Қызықты математика"

Мақсаты: Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде қолдана алуға үйрету

Түрі: cайыс cабақ
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызбалар, слайдтар
Сабақтың барысы:
І тур. Таныстыру
ІІ тур. Математикалық оқулар
ІІІ тур. Мергендер сайысы
ІV тур. Тапқыр болсаң талас жоқ. Практикалық есептер
V тур. Жұмбақтар шешу.
VІ тур. Қағып ал да, жалғастыр
VІІ тур. Жанкүйерлер сайысы
VІІІ тур. Топ басшылар сайысы
ІХ. Қорытындылау, марапаттау
Бүгінгі сайыс топтық сайыс түрінде өтеді. Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді

І тур. Таныстыру (әр топ таныстырады)
І топ. "Үшбұрыш" тобы. ІІ топ. "Төртбұрыш" тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.







Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз, Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз. Білімменен қаруланған тобымыз, Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз, Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз. Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз








Алға қойған мақсатымыз бір екен. Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

ІІ тур. Математикалық оқулар (сан мен әріптерді қосып оқып мағынасын

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: