ыз шексіз де, Жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді, Шыққан тегім білсе де. (түзу) 4. Күнде есебін жаттайды, Ешбір тыным таппайды. Алмайды бір тағат, Оның аты. . . . . . . /сағат/ 5. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты, демейді ешкімге ешкім кес бұтақты. Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын, Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/ 6. Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай, Айтыңдаршы, бұл қандай сан, Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан) 7. Өмірің сенің қызық, Жолында жоқ түзу сызық, Басы да жоқ аяғы. Бір айналым баяғы. (дөңгелек) 8. Дүкеннен мен сабын алдым, Оның және қабын алдым, Екі дәптер, бір қарындаш, Тіс ысқышты тағы да алдым. Есептеші сонда бәрі Қанша болды, қолда бары? ( 6 ) 9. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке Мықты болсаң,қанша екен тез есепте Алдында екеу,екеу келеді артында Екі-екіден келеді қос бүйірде. (4) 10. Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос лақты қос ешкі, Төрт қозылы екі қой, Бәрін бірге санап қой. (17) 11. Бес бұтақты ағашта Бұтақ сайын бес алма. Біреуін бер Алматқа Қалады сонда қанша алма? (24) 12. Сапырып-сапырып сарманға бер, Құйып-құйып Құрманға бер. Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер. Өзің іште маған бер деген екен. Мұны естіген ұрылар "Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік"- деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? ( 10 адам, 5 ұры) VІ тур. Қағып ал да, жалғастыр Бірінші топ допты лақтырып математикалық термин сөз айтады, допты қағып алған топ термин сөзді жалғастырады. VІІ тур. Жанкүйерлер сайысы "Арифметикалық лабиринт" ойыны. Экранда лабиринт суреті берілген. Әр қақпаның алдында сандар жазылған. Қақпадан өткен сайын сол сандар қосылып отырады. Лабиринттің ор
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>