тасына жеткенде 100 санын жинауымыз керек. Лабиринттің ортасына қанша жолмен баруымызға болады? VІІІ тур. Топ басшылар сайысы 1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 3 стакан 2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жоғарыға. 3. Бір-біріне тең төрт бөлікке бөл. Шешімі: Алдымен әр шаршыны 4 бөлікке бөліп тастаймыз. Сонда бізде 12 тең бөлік пайда болады. Ал 12-ні 4 бөлу оңай. 4. Қаранғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз? (Сірінкені) 5. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда) ІХ. Қорытындылау, марапаттау Білім деген биік шың Бақытқа сені жетелер. Білім деген ақылшың Биіктерге көтерер. Барлық бөлімнің ұпайлары саналып, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді және марапатталады. Сыныптан тыс өткізілген бұндай сайыстарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білімін бағалау, ой-өрісін кеңейтіп, тұжырымдар жасатып, өз ойларын айта білуге төсілдірумен шығармашылық қиялын дамытады.
Страницы: << < 2 | 3 | 4