ін мамандар жоғары кәсіптік, зияткерлік құзырлықты, өз бетімен білім алуға қабілетін, озық технологияларды жетік тек тұлға ретінде толық қалыптасқан, өз елінің азаматы болуы талап етіледі.
Қазір білім беруді ақпараттандырудың басты бағыттарының бірі оқыту мазмұнын, әдісі мен түрін компьютерлік оқыту технологиясын қолдану негізінде, атап айтқанда электронды оқулықтарды қолдану аркылы жаңа сатыға көтеруге бағытталған. Мұндай орта мектепте білім алушыларға технология сабағында өз іс-әрекетінің субъектісі болатындай мүмкіндік туғызып, оқу әрекетін жоспарлауға, өз алдына мақсат қоюға үйретеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жалпы әдістемелік ғылыми зерттеу жұмысының ішіндегі маңызды мәселенің бірі «оқушы-компьютер» ара қатынасын анықтау болса, бұл мәселе компьютерлік оқыту технологияларды қолданудың психологиялық ерекшіліктерін ашуды талап етеді.
Соңғы жылдары білім беруді компьютерлендіру, яғни сабақ барысында электронды оқулықтарды қолдану мәселесіне арналған бірқатар ғылыми зерттеу жұмыстары пайда болды. Компьютерді қолданудың жалпы психологиялық негіздерін Е. И. Машбиц, А. Г. Кушниренко, К. З. Халықова және т. б. ғалымдар қарастырған. Қазақстан Республикасындағы бұл мәселеге арналған маңызды зерттеулер катарына А. Айтмұхамбетов, Б. Әбдікәрімов, С. Боранбаев, Д. М. Жүсібалиева, Ж. А. Қараев, А. К. Мыңбаева және т. б.
Жалпы тұлғаның қалыптасуы көпқырлы, ол көптеген сыртқы және ішкі орта факторларды есепке алуды қажет етеді. Көбінесе тұлғаның қалыптасуы оның мектепте алған біліміне байланысты болады. Сондықтан қазіргі кезде оқытуға негізделіп педагогикалық технологияларды, соның ішінде электронды оқулықтарды қолдану жеке тұлғаны қалыптастыруға өз ықпалын тигізеді. Оқушының технология пәніне деген қызығушылығын оятуға да электронды оқулықтарды қолдану өз үлесін
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>