екеттік органдардың, несие берушілердің заңды тұлғаны тарату жөніндегі талаптың сотқа беруін көздейді.
Заңды тұлғаның таратылуы заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган құрған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Тарату комиссиясы құрылған сәттен бастап заңды тұлға мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттілік соған ауысады. Тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылу жайлы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарына жариялайды. Талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы тиіс.
Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот жариялау болып табылады.
Заңды тұлғаның банкрот болуы оның таратылуына негіз болған ретте, оның таратылу тәртібі өзгешелеу болып келеді.
Заңды тұлғаның таратылуы жөнінде мемлекеттік регистрге тиісті жазба жасалғаннан кейін оның таратылуы аяқталады.
Заңды тұлға
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады (ҚР АК-нің 33-бабы).
Коммерциялық ұйым - өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін ұйым
Коммерциялық емес ұйым - мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін заңды тұлға болып табылады
Заңды тұлғалардың түрлері
<
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>