Заңды тұлғалар

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

есі құжаттар ұсынылады: белгіленген үлгідегі таратуды тіркеу туралы арыз (мемлекеттік үлес қатысы бар ұйымдар реестр ұстаушының белгісі соғылған арызы); заңды тұлғаны тарату туралы шешім (соттың, өкілетті органның заңды тұлғаның мүлкінің меншік иесі және т. б. ); құрылтай құжаттары мен статистикалық карточканың түпнұсқалары; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуі немесе қайта тіркеуі туралы куәлігінің түпнұсқасы; таратуды тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі; заңды тұлғаны тарату және несие берушілердің тілектерін білдіру тәртібі мен мерзімі туралы деректердің жарияланғанын растайтын құжат ("Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі туралы" ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің 1999 жылғы 23 сәуірдегі 66 бұйрығының 9 бабы).
Заңды тұлға ерікті түрде және ықтиярсыз тәртіппен таратылуы мүмкін. Ерікті тәртіпте таратылуына кез келген негіз ықпал етеді (заңды тұлға мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі негізінде, құрылтай құжаттары бойынша тарату жөнінде шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі негізінде).
Ықтиярсыз таратылу соттың шешімі бойынша жүзеге асады.
Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет ұдайы жүзеге асырылған;
4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті, не заң құжатында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не, қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;
5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін
Сонымен қатар, заңнама мемл

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: