ызмет саласында құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігінде болып тұр. Мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамассыз ету, айналадығы ортаны азаматтардың меншігін, өмірі мен деңсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады (АК-тің 10 бабы, 4 тармағы). Лицензиялауға жататын қызметтердің тізбесі "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген. Азаматтық кодекстің 35 -баптың 2- тармағында ұйымның лицензияланатын қызмет саласындағы құқық қабілеттілігі мұндай лицензияны алғаннан кейін пайда болып, оның алынуы, жарамдылық мерзімі өткен деп танылған сәтте тоқтатылады.
3. Тарату - заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды тұлға кез-келген негіз бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде тарату туралы болып отыр.
Заңды тұлғаны тарату дегеніміз - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден алу арқылы оның құқық және әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тарату тәртібінің сақталуын тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің сақталуын тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің бұзылғандығы анықталмаса, тіркеуші орган 10 күн ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығын тіркейді.
Таратуды тіркеу үшін тіркеуші органға кел
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>