Сабақ тақырыбы: Заңды тұлғалар
Сабақтың мақсаты: Заңды тұлғалар ұғымы мен оның түрлері туралы тиянақты білім беру және жалпы түсініктер қалыптастыру.
Білімділік: Білім алушыларға заңды тұлғаның ұғымы, заңды тұлғаның түрлері мен нысандары, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі және заңды тұлғаның органдары, атауы, тұрған жері туралы кең көлемде білім беру.
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, сөйлеу мәнерін, жадын, ынтасын, қабылдауын т. б. танымдық қабілеттерін жіктеу, өзара байланыс, қорытынды шығару, топтық, ұжымдық жұмыстарда қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, экономикалық тәрбие, ғылыми дүниетанымын, тұлғаның ұлттық, жалпы адамгершілік құндылықтарды қолдануда жауапкершілікпен шешім қабылдауға тәрбиелеу, оқуға деген саналы - белсенді, жауапкершіліктік қатынасты қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту сабағы
Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын сабағы
Технология: Ойын технологиясы элементтерін қолдану
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, баяндау, иллюстративті әдіс, қосымша материалдармен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір алмасу, ауызша, жазбаша әдіс.
Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, конституциялық құқық.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме материалдары
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.
2. Мақсат қою және оқу іс-әрекетіне қызығушылықты ояту, мотивациялау.
3. Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
ІІ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>