"Қызықты грамматика " факультативы 5 сынып қазақ тілі пәнінен

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

ьге бірдей ортақ қызмет атқаратындығы. Жалпылама лексика әдеби тілдің негізгі қоры болып табылатындығы;
7) "Диалект сөздер". Диалект сөздердің өзіндік белгілері. Диалектінің аймақтық ерекшеліктермен байланысы. Диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысы. Диалект сөздердің қолданылу өрісі. Диалект сөздердің әдеби тілде баламаларының болуы. Диалект сөздердің әдеби тілге еніп, жалпыхалықтық сипат алатындығы. Диалектологиялық сөздік;
8) "Кәсіби сөздер және терминдер". Кәсіби сөздердің өзіндік белгілері: белгілі бір кәсіпке байланысты қолданылатындығы, сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсініктілігі. Кәсіби сөздердің екі үлкен салаға бөлінетіндігі: қолөнер кәсібіне, ауыл шаруашылығына байланыстылығы. Кәсіби сөздердің термин сөздерге ұқсастығы. Диалект сөздерден айырмашылығы;
9) "Термин сөздердің ғылым, техника саласымен байланыстылығы". Терминнің қолдану аясының тарлығы, бір ғана ұғымды білдіретіндігі. Терминдердің жасалу жолдары. Басқа тілден қазақ тіліне аударылған терминдердің төл терминдер деп аталатындығы. Басқа тілден өзгертілмей, сол қалпында алынған терминдердің интернационалдық терминдер деп аталатындығы. Терминдер сөздігі.
5. "Фонетика" (9 сағат):
1) "Фонетика". Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым. Тіл дыбыстарының сөз мағынасымен арақатынасы. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары;
2) "Қазақ әліпбиі". Қазақ әліпбиінің құрамы және әріптер ретін білудің мәні. Әліпбидегі әріптер атауының тілдік жүйеге сәйкес аталу ерекшелігі (әріп атауы - ты, сы, ый, ұу, ыл және т. б. );
3) "Дауысты дыбыстар". Дауысты дыбыстардың өзіндік белгілері: үннен тұратындығы, созылып айтылатындығы, буын құрайтындығы. Орфоэпиясы бойынша бір сөздің ішінде дауысты

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: