ілінің сөздік құрамы байырғы сөздер, кірме сөздер, жаңа сөздер, термин сөздер, ауызекі тілге тән қарапайым сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздерден тұратындығы. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарай актив (жиі қолданылатын сөздер) және пассив (сирек қолданылатын сөздер) болып бөлінетіндігі;
2) "Қазақтың байырғы төл сөздері және басқа тілден енген сөздер". Тілдің негізгі сөздік қорын байырғы сөздер құрайтындығы, оның тіл дамуының қайнар көзі екендігі;
3) "Басқа тілден енген сөздердің тілге сіңісу жолдары (сол қалпында және дыбыстық өзгеріске ұшырап енуі)". Олардың сөздік құрамнан алатын орны. Басқа тілден енген сөздердің емлесі, орфоэпиялық нормасы;
4) "Көнерген сөздер мен жаңа сөздер". Көнерген сөздердің тарихи сөздер және архаизмдер болып бөлінетіндігі. Тарихи сөздердің қоғамдық-әлеуметтік атауларға, ал архаизмдердің халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық атауларға қатыстылығы. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір көнерген сөздердің "жаңғыру" үрдісі, этнолингвистикалық атаулардың қайта жандануы;
5) "Жаңа сөздердің жасалуы". Жаңа сөздердің тууының себептері. Қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздердің пайда болуы. Тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдардың қолданылуы. Жаңа сөздердің ең әуелі баспасөз, ақпарат құралдары арқылы таралып, тілге сіңісетіндігі, бірте-бірте жалпылама лексикаға ауысатыны. Жаңа сөздердің емлесі;
6) "Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері". Жалпылама лексика. Жалпылама лексикаға жататын сөздердің жалпы халыққа түсініктілігімен, анықтығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленетіндігі. Жалпы халықтық лексикаға қолданылу жағынан шек қойылмайтындығы, барлық стил
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>