"Қызықты грамматика " факультативы 5 сынып қазақ тілі пәнінен

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

дыбыстардың қатар тұра алмайтындығы;
4) "Дауысты дыбыстардың жіктелуі". Дауысты дыбыстардың сөйлеу мүшелерінің қатысына қарай жіктелуі: а) тіл қатынасына қарай: жуан, жіңішке; ә) ерін қатынасы қарай: еріндік, езулік; б) жақ қатынасы қарай: ашық, қысаң болып бөлінетіндігі. Қазақтың төл сөздеріндегі дауысты дыбыстардың негізінен не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатындығы. Дауысты дыбыстардың емлесі. Ашық дауысты дыбыстардың жазылуы. Қысаң дауысты дыбыстардың жазылуы. Еріндік және езулік дауысты дыбыстардың жазылуы;
5) "Дауыссыз дыбыстар". Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен салдырдан тұратындығы, созуға келмейтіндігі, дербес тұрып буын құрай алмайтындығы. Оларды тек дауысты дыбыстарды селбестіріп немесе тіркестіріп барып қана дыбыстауға болатындығы. Дауыссыз дыбыстардағы үн мен салдыр мөлшерінің қатынасына қарай жіктелуі: а) қатаң дауыссыз дыбыстар (тек салдырдан тұратыны); ә) ұяң дауыссыз дыбыстар (салдыр басым, үн аз қатысатыны); б) үнді дауыссыз дыбыстар (үн басым, салдыр аз қатысатыны);
6) "Дауыссыз дыбыстардың емлесі". Қазақтың төл сөздеріндегі дауыссыз дыбыстардың қолданысы, сөздің басы мен соңында қолданылу ерекшеліктері;
7) "Басқа тілден енген сөздердің жазылуы". б, в, г, д әріптерінің емлесі; қосарлы дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөздердің емлесі;
8) "Үндестік заңы". Буын және дыбыс үндестігінің мәні. Сингармонизм заңының қазақ тілінің халықтық сипатын танытатындығы. Қазақ сөздерінде буын үндестігінің сақталуы тілдік заңдылық екендігі. Сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігі (мысалы: балалар (балалер емес); үйлер (үйлар емес). Еріндік, езулік дауыстылар арасындағы үндестік: о-ы, ө-і, ұ-ы, ү-і әріптерінің емлесі. Тіл және ерін үнде

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: