t;. Халықтың наным-сенімі мен салт-дәстүріне байланысты кейбір зат-құбылыстардың атауын тура айтуға тыйым салынған сөздер екендігі. Қазақ тіліндегі табу сөздердің туу себептері;
10) "Эвфемизмдер мен дисфемизмдер". Эвфемизмдер ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі екендігі. Эвфемизмнің табу сөздерден айырмашылығы, қолданылу жағдайлары. Дисфемизмнің анықтамасы, оның эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс екендігі. Қолданылу жағдайлары, әдеби тілге жатпайтындығы. Дисфемизмдердің көркем шығармада ұнамсыз кейіпкерлердің тілінде ұшырасуы;
11) "Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер)". Тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктері: екі не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратындығы. Фразеологизмдердің ойды әсерлі берудегі мәні. Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болатындығы. Тұрақты тіркестердің ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы екендігі. Фразеологизмдердің емлесі. Фразеологиялық сөздік;
12) "Мақал-мәтелдер". Мақал-мәтелдердің халықтық рухани қазына екендігі, тіл байлығының көрсеткіші болатындығы. Мақал-мәтелдердің тақырыптық жағынан алуан түрлі болып келетіндігі және олардың қолданыстағы ерекшеліктері. Мақал мен мәтелдердің өзара ұқсастығы мен өзгешелігі. Мақал-мәтелдердің тағылымдық, тәрбиелік мәні. Мақалдардың құрылысына қарай сөйлемге ұқсастығы. Мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығы. Мәтелдердің фразеологизмдермен ұқсастығы.
4. "Тілдің сөздік құрамы" (1 сағат):
1) "Сөздік қор және сөздік құрам". Тілдің сөз байлығын құрайтын сөздік қор және сөздік құрам жөнінде түсінік. Сөздік құрамның қоғаммен бірге дамып, өзгеріп отыратындығы. Қазақ т
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>