стігінің орфоэпиялық нормаларды сақтаудағы маңызы;
9) басқа тілден енген сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстардың аралас келе беретіндігі, буын үндестігінің сақталмайтындығы. Кейбір кірме сөздердің айтылуы бойынша буын үндестігіне бағынатындығы;
10) буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, олардың емлесі;
11) "Дыбыс үндестігі". Дыбыс үндестігі - қазақ тілінің тұрақты сипаты. Сөз қолданысындағы дауыссыз дыбыстардың өзара үндесетіндігі, дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстарға әсер ететіндігі;
12) "Ілгерінді ықпал". Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;
13) "Кейінді ықпал". Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;
14) "Тоғыспалы ықпал". Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары;
15) сөз құрамындағы, сөз тіркестеріндегі дыбыстардың үндестігін сақтап айтудың тіл мәдениетімен байланысы;
16) "Орфоэпия және орфография". Сөйлем құрамындағы сөздерді, сөз тіркестерін, мағыналы бөлшектерін дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормалары. Олардың тіл мәдениетіне қатысы, қолданылатын орындары. Орфоэпиялық және орфографиялық нормалардың арнаулы сөздіктерде берілуі. Оларды пайдалану тетіктері;
17) "Буын". Буынның анықтамасы. Буынның түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын;
18) "Тасымал". Сөздерді тасымалдау тәсілдері. Қазақ тілінде сөздер айтылуы бойынша буынға бөлінетіндігі, ал жазылуы бойынша тасымалданатындығы;
19) "Екпін". Қазақ тіліндегі екпіннің тиянақтылығы. Екпіннің түрлері: сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін және олардың қолданылатын орындары;
20) "Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәні". Олардың тілдік этикетпен байланысты болатындығы. Сөйлемдегі ойдың дұрыс берілуіндегі интонация мен дауыс кідірісіні
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>