"Қызықты грамматика " факультативы 5 сынып қазақ тілі пәнінен

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

ң, екпіннің атқаратын рөлі, сөйлеу мақсатымен бірлігі;
21) "Интонация және оның құрамдас бөліктері". Сөйлеу ағымындағы әуен, әуез, тембрі, қарқын, кідіріс. Сөйлеу мәнері.
6. "Сөзжасам" (3 сағат):
1) Сөздің жасалуы туралы: сөздердің түрлі жолдармен жасалатындығы. Жұрнақ арқылы, мағыналарының өзгеруі, тіркесуі арқылы жасалуы;
2) "Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасалуы". Сөздердің морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы. Сөздердің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы;
3) қазақ тіліндегі негізгі сөздер түбір сөз және туынды сөз болып бөлінетіндігі;
4) түбір күйінде тұрып жаңа лексикалық мағынаға ие болған сөздер. Олардың көп мағыналық пен омонимге қатыстылығы;
5) "Туынды сөздер". Жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер. Туынды сөздер заттың атын, сынын, қимыл-қозғалысын білдіретін сөздер табына қатыстылығы;
6) "Бірігу арқылы жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің қосарлануы арқылы жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөздер". Бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен жасалған сөздердің де туынды сөздердің қатарына жататындығы: мағыналық тұтастығы, сұрақтары, қолданылуы.
7. "Тіл мәдениеті" (2 сағат):
1) тіл мәдениеті екі үлкен саланы - - - ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін қамтитындығы, осы екі бағытқа дағдыландыратын жұмыстар жүргізу;
2) ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және оқушылардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп талдату. Ауызша сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру. Сөз сазы заңдылықтарының қолданылатын орындарын меңгерту. Оқушылардың айналасындағы адамдардың, үй-ішінің ауызекі сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін келтіру. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тіл

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: