дің аражігін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ауызша сөйлеу мәдениеті орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен де байланысты екендігін түсіндіру мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа жағымды етіп айтқызу. Әсіресе, дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру. Үнтаспадан немесе арнайы дискілерден, электронды тасымалдағыштардан әртістер мен дикторлардың көркем оқыған үзінділерін тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату;
3) сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесіне сай жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу;
4) жазба жұмыстарында терминдердің, аң-құс, жан-жануар, өсімдік атауларының, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атауларының, мамандық, кәсіп атауларының бірде бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу;
5) жыл бойы өткен тілдік тақырыптар мен пайдаланған оқу материалдары бойынша әртүрлі топқа жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытында мәтіндер құрату. Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес мынадай тақырыптар ұсынылады: отбасы, сынып, дос-жаран, табиғат, ауыл, қала тұрмысы, өнер, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып және т. б.
5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар:
1. лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
2. сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін;
3. сөздердің тура және ауыспалы мағынасының айырмашылығын;
4. омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ерекшеліктерін;
5. тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің өзіндік белгілерін;
6. қазақ тілінің сөздік құрам тармақтарының ішкі салаларын;
7. сөйлемге ле
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>