Қыз Жібек

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

бек» байлардың ұлдары мен қыздарын ардақтаған, мадақтап суреттеген жыр болып табылады. М. Әуезов пен С. Мұқановтың айтуына қарағанда, бұл жыр ғасырдың шамасында туған. Ал кейбір зерттеушілер ғасырда туған дейді. Ы. Дүйсенбаев: «Қыз Жібек» жырының бізге жеткен нұсқалары екеу-үшеу ғана. Ел арасына кең тараған, әйгілі болған нұсқасы Жүсіпбек қожа Шайхисламұлының сан рет жарияланған «Қыз Жібек» хикаясы атты поэма екендігінде ешбір күмән жоқ» дейді. «Қыз Жібек» тәрізді ерекше, қызғылықты, көркем жырдың нұсқалары неге аз?
Мұның өзіндік себептері бар. Біріншіден, «Қыз Жібек» көне жыр емес, XVII ғасырдың шамасында шыққан. Екіншіден, ел арасына көп тараған бұл жырдың нұсқалары сақталмай, көпшілігі біздің заманымызға келіп жетпеген. Үшіншіден, Жүсіпбек қожа Шайхисламұлының нұсқалары бүкіл қазақ қлкесіне тарағандықтан, жаңа варианттардың тууына жағдай болмай қалған. Дегенмен, «Қыз Жібек» жырының нұсқаларында айта қаларлықтай айырмашылықтар оншалық емес. Бұл жыр екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде еркін махаббатты аңсап, өзіне тең жарды армандаған Төлегеннің елінен Жібекті іздеп шығуы, Жібекпен кездесіп, бірақ арманына жете алмай, қапыда мерт болуы. Бұл бөлім халықтың арман-тілегіне қарай, халықтық сипат алған. Кейіннен бұл жырға жаңа бөлім қосқаны, Сансызбайдың іс-әрекеттерін, батырлығын, Жібекті іздеп келіп, оған қосылып, еліне қайтқан сәттерін баяндайды.
1,1 «Қыз Жібек» - нағыз махаббат туралы жыр
Жырдағы бас кейіпкер – жар таңдаумен өскен, тәкаппар, сұлу қыз Жібек. Өз заманының бел баласы және сол заманның барлық жас әйелінің сұлу үлгісі. Өзінің керемет сұлулығымен, мінез-құлқымен, парасаттылығымен, ақ жүрек адалдығымен көрінеді. Жыршы оны түрлі теңеулермен шабыттана, әсірелей жырлайды.
Қыз Жібектің құрметі
Жиһаннан асқан сәулетті,
Ләйлі-Мәжнүн бол

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: