Қыз Жібек

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

маса,
Өзгеден артық келбеті
Ақ маңдайы жалтылдап,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында-ай. . .
Мазмұнды жанды сурет Жібектің сұлулығымен қатар кербездігін, зеректігін, тәкаппарлығын көп қырлы етіп көрсетеді.
1,2 Жырда ең әсем, ең әсерлі суреттердің берілуі, тіл кестесі
Бұл айтқандарды мына жолдар растайды:
Кер маралдай керіліп,
Сары майдай еріліп,
Атқан оқтай жылысып,
Ор қояндай ырғысып,
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп,
Мықындары былқылдап,
Айдынды туған Қыз Жібек
Отауға қарай жөнелді.
Осы дәстүрлі бояу, бейнелер Жібектің қайталанбас тұлғасын нақты көрсетеді.
Ғ. Мүсірепов өзінің жас шағында естіген «Қыз Жібек» жырында әмеңгерлік( Сансызбайға байланысты оқиғалар) мүлдем жоқ екенін айтқан. Ол «Қыз Жібек» фильмінің сценариін жырдың тек бірінші бөлімі бойынша жазған. Ал Жібектің Төлегенді жоқтауы осы жанрдың классикалық үлгісі ретінде халыққа кең тараған, «Қыз Жібек» операсының либероттасына дәл өз қалпында түскен.
Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы
Жылқысын көптігінен баға алмайды
Өлгені Төлегеннің рас болса,
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?. .
«Қыз Жібек» жыры сүйген әйелдің еріне деген адалдығы, нағыз махаббат жайындағы жыр. Осындай көркем бейнемен керемет картина жасаған қазақ халқының даналығына, көрегендігіне қалайша сүйсінбейсіз? Осы арқылы қазақ әйелдерін халқымыздың өте жоғары бағалағанын көреміз.
«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫНДА ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазақтың әдеби тіліндегі әсірелеу, көркемдеу тәсілінің ішінде фразеологизмдердің алатын орны ерекше. Фразеологизмдер – көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап бейнелей суреттеудің дайын құралы. Бұлар – халық даналығына суарылған образды ойлау тілінің үлгісі. Фразеологиялық тіркестер а

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: