Қыз Жібек

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

у жұмысының дереккөздері
Ғылыми жұмыстың негізгі нысанасы ретінде «Қыз Жібек» жыры лиро-эпостық поэма, Алматы: Мектеп, 2003. 128б. (Жетінші сөз), Қазақтың ғашықтық жырлары – Қазахский романтический эпос. М: Восточная литература, 2004, 438б.
Фразеологиялық тіркестер мен оралымдарға байланысты тұжырымдар, пікірлер Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, Р. Әмір, Т. С. Сайранбаев, Н. Оралбаева, К. Аханов, С. Исаев т. б. ғалымдар еңбектері қарастырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен жаңашылдығы
«Қыз Жібек» жырындағы фразеологизмдердің табиғаты жан- жақты талданды. Фразеологизмдердің өзінің бейнелі, әсерлі, экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қасиетімен жырдың көркемдігін арттырудағы сипатын танытты. Жұмыста «Қыз Жібек» жырындағы фразеологизмдердің семантикалық, құрылымдық мағыналық түрлері ажыратылып, троптар мен фигуралардың мәтінде қолдану ерекшеліктері сараланды.
Осындай көркем, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді жыршы орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізгені, жырдың тәрбиелік маңызын одан әрі күшейтіп тұрғаны айқындалды.
Жырдың құрылымы
Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 «ҚЫЗ ЖІБЕК» ЛИРО-ЭПОС ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ТУРАЛЫ

Қазақ халқының әдеби мұраларының ішіндегі ең бір асылы, көркем үлгісі – «Қыз Жібек» жыры. Бұл жырды зерттеу, жариялау саласында көптеген ғалымдар еңбек еткен. Атап айтсақ: Ә. Диваев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Ы. Дүйсенбаев, Е. Ысмайылов, С. Садырбаев, Р. Бердібаев т. б. «Қыз Жібек» жырын бірнеше ақындар, жыраулар жырлаған. Олар: Нұрпейіс, Майлықожа, Омар Шипин, Мұсабай, Жүсіпбек қожа т. б. Бұл жырдың халықтық немесе халыққа жат шығарма екендігін анықтау айналасында әр түрлі пікірлер болды. С. Сейфуллиннің айтуынша, «Қыз Жі

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: