Қыз Жібек

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

кумулятивтік қызметі ерекше байқалатын, сан ғасырлар бойында пайда болып, дамып, қалыптасқан әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Сол себепті де «Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің фразеологизмдер қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады» деп атап көрсетеді Ж. Қоңыратбаева.
«Қыз Жібек» жырының зерттелуі туралы еңбектер жазылған, бірақ жырда қолданылған фразеологизмдер, олардың мағыналық қолдану ерепкшеліктері мен қызметі тың тақырып. Сондықтан «халықтың рухани-эстетикалық қажеттіліктерін толығынан өтеп, ұлттық ұйымдастырушысы қызметін атқарып келетін көркем әдебиет тілін зерттеу – бүгінгі мәдени дүниеміздің мүддесі» (Р. Сыздық) апамыз айтқандай, «Қыз Жібек» жырындағы фразеологизмдердің жырдың көркемдігін арттыруда кең стильдік қызмет атқаратынын оқушы еңбекте атап көрсетеді. Сонымен қатар жырдан фразеологиялық оралымдардың сөйлем мүшесі қызметін атқарулары, семантикалық мағынасына қарай топтарға жіктелуіне және троптардың түрлерінің кездесуіне мысалдар арқылы маңызын ашып көрсеткен.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
1. «Қыз Жібек» жырынан фразеологизмдерді іздестіріп, табу;
2. Тіл жүйесіндегі фразеологизмдердің басқа элементтермен нақты құрылымдық байланысын анықтау;
3. Нақты құрылымдық байланыс негізінде фразеологизмдермен тіркесімділікке түсетін сөздердің семантикалық аясын анықтау:
4. Фразеологизмдермен тіркесімділікке түсетін сөздің (оралымның) семантикасына қарай фразеологиялық түрлі мағыналарын анықтау:
5. Фразеологизм оралымының сөйлем мүшесі қызметіне ие болуын және троптар мен фигураларда кездесуін мысалдар арқылы дәлелдеу.
Зерттеу әдістері
Жұмыста мәліметтерді жинақтау, қорыту, баяндау талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зертте

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: