Қыз Жібек

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жырының зерттелуі туралы, нұсқалары, осы жырды жариялау саласында еңбек еткен ғалымдар пікірлері айтылады. Жырдың мазмұн, идеясы, кейінгі жастарға берер тәрбиелік мәні сөз болады.
Негізгі бөлімде «Қыз Жібек» жырында кездесетін фразеологизмдермен кеңінен таныстыра отырып, олардың мағыналық түрлерін, семантикалық ұласуын төрт топқа бөліп қарастырады: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық тізбектер, фразеологиялық түйдектер. Әр түрінің анықтамасымен және мысалдармен түсіндіріледі. Фразеологизмдердегі кейбір троптың түрлерінің ұшырасуына жырдан мысалдар келтіріледі.
Қорытынды бөлімінде «Қыз Жібек» жырында қолданылған фразеологизмдер жырдың көркемдігін арттыруда үлкен рөл атқарып тұрғанын, жырдағы ең әсем, ең әсерлі суреттер, образды бейнелеу тәсілдері өте ұтымды қолданылғаны сөз болады. «Қыз Жібек» жырының тілі бай, композициялық құрылысы шебер құрылған, әсіресе фразеологизмдердің орны ерекше екені баса айтылады. Қазақ фольклорында тіл жағынан асқан көркемдігімен бай, фәнидегі жан сұлулығы мен рухани сұлулықты төгілдіре жыр ететін «Ару жанрдың аққуы» (Р. Бердібаев) атанған "Қыз Жібек» жыры – ертедегі ата-бабалардың тұрмысындағы әсемдік ойын, сырлы сезімін, ұлттық талғамның небір ғажайып үлгілерін танытады.


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Қазақтың әдеби тіліндегі әсірелеу, көркемдеу тәсілінің ішінде фразеологизмдердің алатын орны ерекше. Фразеологизмдер – көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап бейнелей суреттеудің дайын құралы. Бұлар – халық даналығына суарылған образды ойлау тілінің үлгісі. Фразеологиялық тіркестер алуан түрлі болса, бұлардың барлығына ортақ қасиет – тұжырымдылық. Аз сөзге көп мағына беріп, қорытынды ретінде қолданылады.
Тілдегі фразеологизмдер – тілдік бірліктердің ішінде ак

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: