Қысым. Қысым аспаптарының жұмысы

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>

ды. Өйткені мұндай су ауамен шектелсе ғана су лезде буға айналып, көлемі үлкейіп (1 м3 қызған судан 1700 м3 бу шығады), қысымы көтеріліп, қазанды жарып жібереді. Сондықтан бу қазандарын пайдалану барысында міндетті қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындау керек.
Өндірісте баллондар әртүрлі сұйықталған, сығылған немесе ерітілген газдарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға көп қолданылады. Баллонның ішінде қандай газ болмасын (жанатын, жанбайтын), қатты қысымы болғандықтан, оның жарылысы үлкен қауіптілік туғызады. Газ баллондарының жарылу себептері мынандай болады:
1. Баллон құлап, қатты нәрсеге соғылуы;
2. Баллон қызып, ішіндегі газдын кенеюі;
3. Сұйықталған газбен баллон лық толтырылуы;
4. Баллонның мойын ойығы мен вентильдін кемшілігі;
5. Оттек баллонның вентиліне майдың түсуі;
6. Баллон конструкциясының нашарлығы;
7. Баллондарды қауіпсіздік ережелерін бұзып, дұрыс қолданбау.
Әр газға өзіне арналған баллондары болу керек, бір газдың баллонын басқа газға қолдануға болмайды. Сондықтан баллондарды ауыстырып алмау үшін әр газдың баллоны арнайы түске боялып, оның қабырғасына сол газдын аты жазылады. Мысалы, оттек баллоны көк түске боялып, "Оттек" деген жазу жазылады; ацетилен баллоны ақ түске боялады, "ацетилен" деген жазу бар; ауа баллоны қара түске боялады, "сығылған ауа" деген жазу бар; жанатын газдардың баллоны қызыл түске боялып, қабырғасына газдын аты жазылады т. с. с.
Газ баллондары Тау-кен техника қадағалау органдарынын бақылауында болады. Олар техникалық куәландыруды дер кезінде өтіп отыру керек: сыртын және ішін байқау, гидравликалық сынау. Коррозия жасайтын газдарға арналған баллондар гидравликалық сынаудан 2 жылда бір рет, ал басқа газдарға арналған баллондар 5 жылда бір рет ө

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: