Қысым. Қысым аспаптарының жұмысы

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі
Оттектің қысымын өлшеуде пайдаланатын импульсті сызықтар міндетті түрде төртхлормен май қалдықтарын тазалау керек. Нәтижесінде май қалдықтары мен оттек әрекеттесіп өздігінен жану немесе жарылыс туғызуы мүмкін. Оттектің қысымын өлшейтін манометр шкаласында " Оттек - май қауіпті" белгі, ал ішкі жағы майсыздандылылған болу керек. Мұндай манометрлердің штуцерлерін тасымалдау және сақтау кезінде құралдың ішкі жағына май түспеуден сақтайтын арнайы бітеуіш (қуыс бекітетін қақпақша) болу керек. Манометрдің ішкі жағы мен импульсті сызықтарды майсыздандыру оған бір рет (3-5 рет) еріткішпен толтырылған шприцпен және жұмыс бетін бірнеше минут шайқау. Жұмыс бетінен еріткішті алғанда қағаз бетінде май іздері қалмағанға дейін операцияны бірнеше рет қайталайды. Манометрді сызықтың орташа және жоғары қысымда (10кгс/см2 (1 МПа) және жоғары - 10-600 кгс/см2 (1-60 МПа) тиекті құрылғысыз (вентиль) құрастыру мен пайдалануға болмайды. Өндірістік орындарда оттек, сутек, табиғи газ және улы газдар шыққан жағдайда кез келген жөңдеу немесе құрастыру жұмыстарын жүргізуге болмайды. Ондай жағдайда бөлмені желдетіп, газоанализатор көмегімен қаншалықты жаздалғанын анықтап, газ кетуін тоқтату керек. Газдалған бөлмедегі өндірістік жұмыстарды аяқтағаннан кейін БӨА жөңдеушісі киімдерін таза ауада 10-15 минут желдету керек; Бұл уақытта темекі тартуға немесе отты пайдалануға болмайды. Манометрдегі улы, жарылғыш және жанғыш газдардың шыққанын ашық немесе шырпымен қарауға мүлдем тыйым салынады.
Әртүрлі өнеркәсіп салаларында қысыммен жұмыс істейтін құралдар кеңінен қолданылады. Оларға жататыны: су қыздыру және бу қазандары, компрессор қондырғылары, газ баллондары, вулканизация аппараттары т. б.
Бy және су қыздыру қазандары әртүрлі технологиялы

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: