Қысым. Қысым аспаптарының жұмысы

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>

тіп отыру керек. Сынау қысымы жұмыс қысымынан 1,5 есе көп болады.
Барлық баллондар газ қысымын төмендету үшін редуктормен жабдықталады. Оның екі манометрі болады - біреуі баллон ішінде газдың қысымын, ал екіншісі шыққан газдың қысымын көрсетеді.
Газ баллондарымен жұмыс істеуге арнайы оқуы бар, аттестат және қауіпсіздік нұсқау алған адамдар жіберіледі. Олардың білімі жыл сайын тексеріліп отырылады.
Баллондарды тасымалдау кезінде олардың құлауын, соғуын болдырмау үшін тиісті сақтық шараларды орындау керек. Оларды қолмен көтеріп тасуға болмайды, екеуден артық қылмай кішкене арбаға салып тасиды. Автомобилмен тасығанда баллондар стеллажда көлденең жатқызылып орналастырылады.
Газ баллондарын сақтайтын қойма бір қабат болу керек, төбесі жеңіл, қабырғасы отқа жанбайтын материалдан болады. Газға толы баллондар тік тұрып, құламайтындай болып бекітілу керек. Бір бөлмеде оттек және жанатын газдар баллондарын бірге қоюға болмайды. Өйткені баллондардан газдар шығатын болса, олардан жарылғыш қор пайда болып, жарылыс қауіпі туады.
Газ баллондарын күн сәулесінен және басқа жылу көздерінің әсерінен сақтау керек. Баллондар жылыту аспаптардан 1 м алыс, ашық оттан 5 м аулақ орналастырылған жөн. Бөлмеде жақсы табиғи және жасанды желдету орнатылу керек.
Баллон қоймаларының маңында 10 м-ден жақын жерде жанатын заттар болмау және ашық отпен жұмыс жүргізілмеу керек.
Әртүрлі өнеркәсіп салаларында технологиялық қажеттерге керекті сығылған ауаны өндіру үшін стационарлық және жылжымалы компрессор қондырғылары көп түрде қолданылады. Қатты қысыммен байланысты болғандықтан олар жарылыс мүмкіншілігін туғызып үлкен қауіптілік көздері болып табылады.
Компрессорлардың жарылу себептері:
1. Сығылған ауаның температурасы шектен тыс көтерілуі;
2. Ауанын

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: