Қысым. Қысым аспаптарының жұмысы

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>

қысымы шектен көп асуы;
3. Бақылау және өлшеу acпaптap кемшілігі нeмece жоқтығы;
4. Компрессор конструкциясының ақаулығы және тозуы;
5. Майлау және салқындату жүйелерінің жұмыс істеу нәтижесінің төмендігі;
6. Компрессордың дұрыс орнатылмауы және дұрыс пайдалынбауы;
7. Жарылғыш газдар және статикалық электрдің пайда болуы.
Компрессор бөлек, бір қабатты кең, жарық, құрғақ, жақсы желдендірілетін, төбесі жеңіл, отқа төзімді материалдан жасалған үйде орнатылуы керек. Ашық қозғалатын бөлшектері қаптамен жабылған жөн. Компрессор керекті бақылау және өлшеу аспаптарымен жабдықталады (манометр, термометр, сақтандырғыш қақпақ, сигнал және автомат аспаптары т. б. ).
Қатты сығылған ауа компрессорды қыздырып, оның конструкциясының төзімділігін кемітеді. Сонымен қатар жағын майы іріп, жарылғыш газдар пайда болады. Бұл жағдайлар жарылыс мүмкіндігін туғызып, апат болуы мүмкін.
Сондықтан жағын майдын тұтану температурасы 216-242 С кем болмау керек. Барлық жағдайда жағын майдын түтану температурасы 1 шығатын газдардың температурасынан 70 С артық болу керек. Компрессорда майлау шамасы техникалық талаптарға сәйкес шектелетін болады.
Компрессор қондырғылардың қызуын төмендету үшін үздіксіз және қарқынды жұмыс істейтін салқындату жүйесі болу керек. Өнімділігі аз, қысымы төмен компрессорларда ауамен салқындату әдісі қолданылады, ал өнімділігі үлкен, қысымы жоғары компрессорларды сумен салқындату әдісі қолданылады. Салқындату жүйесінде температура шектен артық көтерілген жағдайда компрессорды автоматтық ретпен тоқтататын аспап орнатылу керек.
Компрессорға сорылатын ауа алдын ала фильтр арқылы өткізіліп, механикалық қоспалардан мұқият таз артылады. Барлық компрессорлар пайда болатын статикалық электр зарядтардан арылу үшін сым өткізгішпен

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: