br/>Ол- денсаулық үшін зиян.
Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 3
Күні: Тәрбиеші:
Сабақтың тақырыбы: "Емдейтін ағаштар"
Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы білімдерін бекіту. Адам, өсімдік, жануарлар өмірі, табиғат сыйы туралы мәлімет беру.
Сабақтың барысы:
Педагог балалармен табиғат және оның адамның денсаулығына қалай әсер ететіні жөнінде әңгіме өткізіледі.
Табиғат-адамдарды қоршаған әлем. Бұл-аспан, ай, жұлдыздар, өзен-көлдер, теңіздер, ағаштар, шөптер, жануарлар әлемі. Жел, жауын-шашын, боран, су тасқыны, қар еруі- бұның бәрі табиғаттың құбылыстары. Таулар, тастар, ағаштар, шөптер- табиғат денелері.
Табиғат-айналамыздағы қоршаған бүкіл әлем, ал адамдар-өміріндегі ең керемет жаратылыс.
Табиғат адамдарға ғажайып сыйлықтар сыйлайды, оның бірі-таза ауа. Таза ауа біздің ағзаларымызға әсерін тигізеді. Біз оттегімен демалып, көмірқышқыл газын сыртқа шығарамыз.
Өсімдіктер өмірінде арнайы тәртіп сақталады. Дән жерге түскеннен кейін өніп тамырланып кішкентай "өсін" өсіп шығады. Оны жаңбыр суарып, күн қыздырып отырады. Жер нәр береді. Болашақ ағаш өсіп келеді. Ағаш күшті және иілгіш болу үшін әр таңда таңертеңгі шық-оны жуындырып салқын жел әр бұтағын тербетіп жапырағын сыбдырлатып тұрады. Ал ол өсіп үлкейгенде бізді табиғаттың түрлі құбылыстарынан: жауын-шашын желден т. б қорғап жемісін беріп ыстықта көлеңкесін түсіріп қажетсіз көмір қышқыл газын бойына сіңіріп оттегін шығарады. Бірақ оған күн сәулесі жеткіліксіз болса жапырағы сарғайып суы аз болса өспей қалады. Жапырақта зиянды заттар болса ағаш ауырып ақыр соңында солып қалады. Ағаштар-ауаны
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>