қарапайым мінез-құлық ережелерін меңгерту. Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру. Оларды әрқашан сақтауға дағдыландыру. Ой өрістерін дамытып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, плакаттар, сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, практикалық,сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
Көңілді шеңбер: Табиғат әсемдігін қандай сөздермен айтамыз. Мысалы: Біздің табиғат сұлу,көркем.
Көркем сөз:
Ой,балалар,балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін алыпты.
Балалар жыл мезгілдері бәрі де ерекше әдемі. Күз келгенде, айналаның бәрі сап-сары болады. Қыс келгенде айналаның бәрі аппақ болады. Көктем келгенде, айналаның бәрі жап-жасыл болады. Жаз келгенде, жердің бәрі гүлдейді.
Әрбір жыл мезгілінде балалар серуенге шыққанда,өздеріне ең көрікті жерін таңдайды.
Сергіту сәті:
Қар бірінші жауды (алақанды соғамыз)
Сулар сайға қатты сырғанаймыз)
Қатты жел соқты (айналамыз)
Күз мезгілі сондай қызықты (секіреміз).
Жыл мезгілдерін әдемі сөздермен қалай атаймыз? (Жаңбырлы күз,жомарт күз, алтын күз, жалтыр мұз, ұлпа қар, жасыл көктем, жайдары жаз, жарқын жаз)
Сабақтың қорытындысы: Табиғатты, құстарды, гүлдерді, өсімдіктерді (балабақшаның) айналасында жұлмай керек, аялау керек. Үлкен кісілердің еңбектерін бақылап, солапмен бірге еңбек жасау керек
Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 2
Күні: Тәрбиеші:
Сабақтың тақырыбы: Күн, ауа және су біздің айнымас досымыз
Мақсаты: Жер бетіндегі тіршілік атаулының негізгі қайнар көзі-күн жайлы түсінік беру.
Ұйымдастыру кезеі:
Балалармен терезенің жанына барып, ашық тұрған желдеткішке қарап, терең тыныс алып, дем шығарайық
Бал
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>