көмірқышқыл газдардан тазартып, оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі. Бұл да адам денсаулығына жағымды әсер етеді.
Ойын: "Жақсы жаман" Қасиеттері
Ағаш отырғызужақсыжаман
Орманды кесужақсы жаман
өзендер мен теңіздерді ластаужақсы жаман
су тазартатынжақсы жаман
жануарлар мен құстарды ұстау жақсы жаман
құстардың жемсалғышына жем салужақсы жаман
Күн-табиғаттың келесі сыйы. Халық даналығында: Күн қай жерге аз түссе, сол жерде адамдар жиі аурады. Күн шуағы көптеген аурудың алдын алады.
Өмір шырыны - су.
Адамның ағзасының жартысынан көбі судан құралады. Адам сусыз біраз уақыт қана өмір сүруі мүмкін. Су біздің ішкі ағзаларымызды тазартады. Өсімдік те, жануарлар да сусыз өмір сүре алмайды.
Балалар таза, салқын суды ішеді. Қолдарын суға салып, беттерін сулы қолдарымен сүртеді.
Дәрігер Салауат кеңес береді:
Суды жиі пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмаңдар.
Жуыныңдар, үстеріңе су құйыңдар, шомылыңдар. Бұл-денсаулықтарыңа пайдалы.
Сөзжұмбақты шешу.
Педагог балаларға глобусты көрсетеді.
Жер шары- жаратылыстың бір бөлігі. Жер шары әлемі бай және әр түрлі. Міне, Қазақстан Республикасы. Ол глобуста көп орын алып жатыр. Бұл-өте биікң таулар, шөл-далалар, өзендер, үлкен қалалар және кіші ауылдар. Бұның бәрі-біздің Отанымыз.
Балалар, сендер Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Сендер ата-аналарыңды және қоршаған табиғатты жақсы көріп, қорғап, туған жеріңді, Отаныңды мақтан тұтуларың керек. Қорытынды:
Адам-табиғаттың бір бөлігі. Табиғат-тіршілік нәрі. Кім денсаулығым мықты болсын десе, табиғатты сүйе біліп, табиғатқа, өз-өзіне және жақын адамдарына қамқорлық жасауы керек.
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>