Вариативный компонент

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

r/>


Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 4
Күні: Тәрбиеші:
Сабақ тақырыбы: Саңырауқұлақтар қандай болады.
Мақсаты: Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызды туралы түсінік беру. Улы саңырауқұлақтардың адам өміріне қауіпті екендігі туралы айта отырып, жеуге жарамды ақ саңырауқұлақ пен улы боз арамқұлақты түріне қарап танып, айтып беруге үйрету.
Көрнекіліктер: жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың муляждары.
Шаттық шеңбер:
Ән салуға барамыз.
Досымызды табамыз.
Сәлеметпе міне мен,
Доспын енді сенімен
-Балалар, жаз маусымда жаңбыр көп жауады да, жаңбырдың сонынан саңырауқұлақтар өсіп шығада. Біз бүгін жарамды және улы, жеуге жарамсыз саңырауқұлақ түрлерімен, оларды қалай жинау керектігімен танысамыз.
Қонаққа Тиін мен Кірпі келеді. Балалармен амандасып болғаннан кейін саңырауқұлақ теруге кетіп бара жатқандықтарын айтады.
Оларға саңырауқұлақ теруге әлі ерте екендігін айтып түсіндіру.
-Онда сендер бізбен бірге болыңдар, біз бүгін саңырауқұлақтар жайлы әңгімелесеміз деп,екеуін балалардың қасына отырғызады.
Бірнеше саңырауқұлақтың муляждарын көрсетіп, олармен таныстыру.
-Шыбын саңырауқұлағын жеуге бола ма?
-Неліктен оны шыбынжұт деп атаған?
-Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және жеуге жарамсыз-улы болып бөлінеді. Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге жарамдысын улы түрінен ажырата білу керек. Біз бүгін саңырауқұлақтың екі түрімен танысамыз. Бұлар-ақ саңырауқұлақ және боз арамқұлақ. Ақ саңырауқұлақ қылқан жапырақты және аралас орманда өседі. Қалпақшасының үстінгі бөлігі ашық қоңырдан қара қоңырға дейін өзгеріп отырады. ал төменгі бөлігі алғашқы кезде ақ кейін жасыл сарғыш түске енеді. Аяқшасының ашық сары сұрғылт

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: