ындай тағамдар арқылы күш-қуат алады. Тағамдардың құрамында әртүрлі пайдалы заттар, әсіресе дәрумендер болуы қажет. Дәруменсіз адам денсаулығы жақсармайды. Жеміс - жидектер мен көкеністерді өз қажетінше көп жеу керек, өйткені олар дәрумендер мен пайдалы заттарға толы. Олардың құрамындағы дәрумендер бойдың өсуіне, ағзаның дамуына әсер етеді, көздің көруін жақсартады. Дәрумендер тек өсімдіктерден алынған тағамдардың құрамында ғана емес,сонымен бірге жануарлардан алынған тағамдарда да болады. Сүт тағамдарында, еттердің құрамында мол болып кездесетін кальций мен фосфор адам ағзасының негізі болады.
Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 26
Күні: Тәрбиеші:
Сабақтың тақырыбы: "Витамин салатын жасау"
Сабақтың мақсаты: Витамин салатын дайындауға үйрету. Үстел басында өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбер:
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
Сабаққа қонаққа аспазшы келеді, балалармен амандасып, жұмбақ жасырады.
Қазық, Таңсақ азық. (сәбіз)
Балалар қолдарымен сәбізді ұстап көлемін,түсін анықтайды.
Аспазшы сұрақтар қояды:
Балалар,сендер тағы да қандай жеміс-көкеністерді білесіңдер?
Олар қайда өседі?
Жеміс-көкеністерді өсіру үшін бірінші не қажет?
Олардын не жасайды?
Несімен олар пайдалы адамға?
Балаларға " Дәрілер мен жемістердің пайдасы" туралы әңгіме оқып беру.
Сәбіз өте пайдалы,дәрумендерге бай. Ең негізгісі көздің көруіне және бойдың өсуіне әсер етеді, сондықтан сәбіз шырының ішу,сәбіз жеу керек,оны көже ішінен тастамау жөн.
Суреттер бойынша әңгімелесу,сұра
Страницы: << < 34 | 35 | 36 | 37 | 38 > >>