ады, ол балалардың аман болуын, оларды қорғауды және олардың өсіп-жетілуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ұзақ мерзімді келешекте шешумен айналысады.
ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық 1992 жылы ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау саласындағы шұғыл көмек көрсетуі бойынша басталды. Қазақстан Республикасының үкіметі мен БҰҰ-ның Балалар қоры арасында 1994 жылы 25 қарашада қол қойылған ынтымақтастық туралы негізгі келісім өзара қатынастардың негізі болып табылады.
Қазақстанның ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастығы негізінен елдің бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі кезде қолданылып отырған 2005-2009 жылдарға арналған бағдарлама БҰҰ-ның дамуға көмек көрсету жөніндегі шектеулі бағдарламасына (ЮНДАФ) негізделеді. Ел бағдарламасы отбасы мен қоғамның әлеуетін нығайту, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және әлеуметтік саясат пен басқаруды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысындағы, бұған қоса бұрынғы Семей полигоны мен Арал маңындағы балалардың жағдайын жақсарту бағдарламаның басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) ынтымақтастығы ерекше маңызды болып табылады. 1992 жылға дейін Қазақстан ДДСҰ-мен тәуелсіз ынтымақтастықты жүзеге асырған жоқ, алайда республика ДДСҰ/ЮНИСЕФ-тің 1978 жылы Алматы қаласында болған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференциясының арқасында Дүниежүзілік денсаулық сақтауды дамытуға жаһандық ықпал етті.
1992 жылғы 19 тамызда Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына кіріп, осы ұйымға 180 мүше-мемлекет болды және ДДСҰ-ның еуропалық өңірі кірген 51- елге айналды68.
Ынтымақтастықта балалардың денсаулығын сақтау, медициналық қызметкерлердің әлеуетін дамыту, ВИЧ/СПИД-пен, туберкулезбен күрес, сондай-ақ қоршаған о
Страницы: << < 96 | 97 | 98 | 99 | 100 > >>