Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  98 | 99 | 100 | 101 | 102  >  >>

иссиясы құрылды, ол осы халықаралық ұйыммен өзара қатынастардың басым бағыттарын айқындайды.
Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум (1995 жыл) және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өкілдігін ашу туралы Келісім шеңберінде Қазақстан мен ЮНЕСКО белсенді ынтымақтастық орнатты.
Ынтымақтастық жылдары екі жақты қатынастарды нығайтуға жәрдемдескен бірқатар маңызды сапарлар жасалды. Мәселен, 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майор Қазақстанға келді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде ресми сапармен болды. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Коичиро Мацуура 1999 жылғы маусымда және 2001 жылғы тамызда Қазақстанға келді.
ЮНЕСКО құзыретінің барлық салалардағы ынтымақтастықты серпінді дамыту Ұйым Бас директорының 2001 жылы ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өкілдігіне Орталық Азиядағы қңірлік өкілдік мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдауына септігін тигізді. Өз кезегінде, Қазақстан ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің мәртебесін дербес дипломатиялық миссия деңгейіне дейін көтереді.
ЮНЕСКО-ның қамқорлығына түрлі семинарлар мен конференциялар, қоғамдық іс-шаралар жүргізіледі, бірлескен кеңестер құрылады, сараптамалық талдаулар жасалады және Қазақстан қоғамының әлеуметтік, оқу-білім және мәдени дамуының өзекті проблемаларын шешуге бағытталған жобалық ұсыныстар жасақталды.
Қазақстан Ұлттық және дүниежүзілік мәдени мұраны насихаттау және қорғау, әлем мәдениеті және күш көрсетпеуді көтермелеу мақсатын көздейтін бағдарламалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға үлкен мән береді. БҰҰ – 2002 Мәдени мұра жылы шеңберінде Қазақстанда мүдделі ұйымдар мен БАҚ-тың қатысуымен түрлі іс-шаралар жүргізілді. Қазақстан ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мәдени мұраны қ

Страницы: <<  <  98 | 99 | 100 | 101 | 102  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: