Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  97 | 98 | 99 | 100 | 101  >  >>

ртаның халықтың денсаулығына ықпалы мәселелеріне зор көңіл бөлінеді. Полиомиелитпен күрес жөніндегі бағдарлама ынтымақтастықтың сәтті мысалдарының бірі болып табылады. 1995 жылдан бастап Қазақстанда бұл аурудың бірде-бір оқиғасы тіркелген азаматтардың денсаулығын, денсаулық сақтау жүйесін дамытудың ұлттық саясаты мен жоспарларын әзірлеу жөнінде бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
2005 жылғы қаңтарда Женева қаласында болған ДДСҰ Атқару комитетінің 115- сессиясы барысында Леон Бернар қорының ұсынысы бойынша Атқару комитеті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Т. Шармановқа қор сыйлығын табыс етті.
Ынтымақтастықтың басым салаларының бірі ретінде Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың қоғамдағы экономикалық және саяси жағдайын жақсартуға арналған инновациялық бағдарламаларға қаржылық қолдау және техникалық көмек көрсететін ЮНИФЕМ-мен (БҰҰ-ның Әйелдерді дамыту қоры) өзара іс-қимылды қарастырады. БҰҰ жүйесі шеңберінде ЮНИФЕМ әйелдердің мүдделерін білдіреді және оларды ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі барлық аса маңызды мәселелермен байланыстырады. Қор өзінің жұмысына ел деңгейінде үйлестіреді, гендерлік проблемаларды ел бағдарламаларының негізгі бағыттарына енгізу тұрғысынан үйлестіруші-резидент жүйесіне қолдау көрсетеді.
Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығы ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылғы мамырда мүше болды. 1997 жылы республика ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесінің мүшелігіне өтті. 1997 жылы Азия-Тынық мұхит өңірі елдерінен Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары болып сайланды.
Қазақстанның ЮНЕСКО-мен белсенді ынтымақтастығына және әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасуына мән бере отырып Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанынан Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық ком

Страницы: <<  <  97 | 98 | 99 | 100 | 101  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: