мақтастық туралы келісімге келісімге қол қойылды, онда бағдарламаның Қазақстандағы қызметінің басым бағыттары қамтылды.
Өзінің Қазақстандағы қызметі кезінде БҰҰДБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары ерекше өткір туындаған түрлі әлеуметтік, экологиялық және өзге проблемаларды шешуде көрсетілген көмектің көлемі бойынша айтарлықтай қолдау көрсетті. Бұл БҰҰДБ-ның және БҰҰ жүйесінің басқа да мамандырылған мекемелерінің Семей мен Арал маңындағы зардап шеккен өңірлерді әлеуметтік-экономикалық сауықтыру жөніндегі, шалғайдағы елді-мекендерді сумен жабдықтауға байланысты проблемаларды шешу, Қазақстанның қолайсыз аудандарында тұратын халықтың өсімталдық денсаулығы, ВИЧ/СПИД-ті және басқаларды қоса алғанда вирустық жұқпалы аурулардың таралуы жөніндегі үкіметаралық және донорлық жобаларды әзірлеп, жүзеге асыруға қатысуы жөнінде болып отыр.
Ұйымның даму саласындағы жетекші мекемесі ретіндегі БҰҰДБ БҰҰ-ның Қазақстандағы «командасын» басқарады, оның бүгінгі таңда 15 ұйымы бар, олар: БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, ЕҚБ, БҰҰ БЖКБ, БҰҰЕ, ЮНИФЕМ, ЮНЕСКО, ДДСҰ, ЮНИДО, ХВҚ, БҰҰ/СПИД және ҚАДӨ.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің БҰҰ-мен ынтымақтастығы 2005 жылғы жазда бекітілген БҰҰ-ның дамуға көмек көрсету жөніндегі шектеулі бағдарламасы (ЮНДАФ) шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның шеңберінде ынтымақтастықтың басым үш саласы айқындалған, атап айтқанда:
кедейлерді
қорғауға бағытталған саясатты әзірлеу;
барша жанның өмір сапасын жақсарту;
азаматтардың ұлттық дамуын демократиялық басқару әлі оларды кеңінен тарту үшін қолайлы жағдай жасау және қолдау.
ЮНИСЕФ-пен – Біріккен Ұлттар жүйесінің ұйымымен ынтымақтастық та Қазақстан Республикасының БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылының маңызды салаларының бірі болып табыл
Страницы: << < 95 | 96 | 97 | 98 | 99 > >>