Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  94 | 95 | 96 | 97 | 98  >  >>

өңіріндегі жағдайды сауықтыруға жұмылдыру жөнінде айтарлықтай жұмыс тындырылды. Бірқатар жылдар ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының «Қазақстандағы Семей өңірінің халқын және экологиясы мен экономикалық дамуын сауықтыру мақсатында халықаралық ынтымақтастық және қызметті үйлестіру» қарарлары қабылданды, бұл қарарларға сәйкес Семей өңіріне көмек көрсетудің халықаралық бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Қазақстанның АТМЭӘК-пен (БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы) ынтымақтастығы жолға қойылды. Бұл қатынастар өзінің бастауын 1992 жылғы 31 маусымнан экономикалық дамуына, олардың бір-бірімен және үшінші елдермен ынтымақтастығына жәрдемдесуге тиіс. Көлік, транзит және СПЕКА бағдарламасын іске асыру ынтымақтастықтың түйінді салаларының бірі болып саналады54.
АТМЭӘК-тың 2005 жылғы 16-18 мамырда Банкгок қаласында өткен 61-сессиясы өзара қатынастардағы маңызды оқиға болды, оның барысында Қазақстан өкілі – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев тұңғыш рет төрағалық етті.
Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы Нью-Йорктегі осы ұйымның қабырғасында ғана емес, тіпті республика аумағында да жүзеге асырылуда. 1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ жүйесінің бірқатар арнаулы мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері ашылып, белсенді түрде жұмыс істеуде. Олардың қызметі Қазақстанға техникалық, кеңес беру және қаржы жөнінен мол көмек көрсетуге бағытталған. Мәселен, ұлт кадрларын даярлауға жәрдемдесу әрі нарықтық реформалар жүргізу және экономиканың түрлі салаларындағы қайта құру мәселелері бойынша Қазақстан Үкіметіне кеңес беру көмегін көрсету БҰҰ-ның Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жұмысының негізгі бағыттары болып табылады.
1994 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰДБ арасындағы ынты

Страницы: <<  <  94 | 95 | 96 | 97 | 98  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: