сия құру, бұл комиссия БҰҰ-ның Орталық Азия экономикалары үшін Арнаулы бағдарламасының негізіне алынды (СПЕКА);
Арал және Семей экологиялық апат аймақтарын сауықтыру;
Алматы қаласында 2003 жылы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ елдер үшін БҰҰ-ның халықаралық министрліктер конференциясын өткізу.
БҰҰ-ға қатысу Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдеседі. Елдің қоғамдық өмірінің әлеуметтік-саяси, экономикалық және басқа салалардағы бұдан былайғы қайта өзгерістерді жүзеге асыру үшін қолайлы халықаралық жағдай жасайды.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17-18 қазандағы ресми сапары Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды белесіне айналды, ол Қазақстан мен БҰҰ арасындағы онжылдық ынтымақтастықтың нәтижелерін баянды етті, сондай-ақ өзара іс-қимыл үшін жаңа келешекті белгіледі.
БҰҰ-да Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы белсенді рөлін, республиканың осы салада жасалған барлық халықаралық келісімдерге адалдығын жалпы жұртшылық таныды.
Қазақстанның әлемдік саяси проблемаларға теңдестірілген және реалистік көзқарасы, оның БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіндегі өткір де шетін мәселелер бойынша дауыс беру кезіндегі ұстанымы жалпы алғанда осы халықаралық ұйымда оң бағаланып отыр.
Қазақстанның БҰҰ-дағы ұстанымы БҰҰ қарайтын мәселелердің барлық кешені бойынша елдің мүдделерін ескеру негізінде қалыптасады. Бұл орайда ұйыммен экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықтың ілгерішіл дамуы, адам құқықтарын сақтау саласындағы, лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.
БҰҰ шеңберінде әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін Семей
Страницы: << < 93 | 94 | 95 | 96 | 97 > >>