Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  92 | 93 | 94 | 95 | 96  >  >>

іни қауіпсіздік, саясат пен экономикада әділ бітімгершілік тәртіптің орнатылуы, тұрақты даму, әлемдік қоғамдастықтың мүшелері арасындағы ынтымақтастық қатынастарды орнықтыру саласындағы стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу осы қызметтің басты міндеттері болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстан жалпы алғанда барлық беделді және ықпалды халықаралық ұйымдарға кіру үдерісін аяқтады. Қазіргі кезде Қазақстанның халықаралық аренадағы, ең алдымен, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі стратегиялық мүдделерін нақты жүзеге асыру аясына көшіру міндеті тұр.
1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасы өзінің мәні мен жөнінен аса маңызды тарихи құжат болған 46/224 қарарымен БҰҰ-ға мүшелікке бірауыздан қабылданды25.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы күзде өткен 47-сессиясы Қазақстан делегациясының БҰҰ-ның толық мүшесі ретінде қатысқан бірінші форумы еді. Бұл сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы келелі сөз сөйледі.
БҰҰ қатарындағы өзінің мүшелігі кезінде Қазақстан мемлекеттердің халықаралық қоғамдастығына ойдағыдай ықпалдасып қана қойған жоқ, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын да ала білді.
Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынған халықаралық негізгі бастамалары:
Азиядағы Өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру;
БҰҰ қамқорлығымен Орталық Азия бітімгершілік батальонын (ОртАзБат) құру;
«бір қосу бір» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігері қорын жасақтау: әрбір мемлекет оған қорғаныс бюджетінің 1 пайызын аударады, жыл сайын өзінің аударымын 1 пайызға көбейтеді;
Орталық Азияда алдын алу дипломатиясы бойынша өңірлік орталық құру;
Орталық Азия өңірі үшін экономикалық комис

Страницы: <<  <  92 | 93 | 94 | 95 | 96  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: