(САР) Сыртқы істер министрі Фарук Шараа Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылғы наурызда Қазақстанға келген шетелдік меймандардың бірі және Араб елдерінің бірінші Сыртқы істер министрі еді. Сапар қорытындылары бойынша Дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға және Үкіметаралық сауда келісіміне қол қойылды.
2005 жылғы тамызда Қазақстанға САР-дың экономика және сауда министрі А. Лютфи бастаған Сирия делегациясы сапармен келді, оның мақсаты сауда-экономикалық қатынастарды жолға қою және жандандыру болды.
Сирия тарабы САР мен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастардың көп ғасырлық және ежелгі дәстүрлері бар екенін, Дамаск қаласында қазақ халқының аса көрнекті қайраткері — Әбу Насыр әл-Фараби мен сұлтан Бейбарыстың қабірлері жатқанын атап айтты.
Қазақстан мен Ливан арасындағы екі жақты қатынастар премьер-министр Рафик Хариридің Қазақстанға 2003 жылғы тамызда ресми сапармен келген сәтінен бастап жандандырылды. Ливан үкіметінің басшысын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қабылдады, Премьер-Министр Д. Ахметовпен және Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевпен келіссөз жүргізілді. Сапар қорытындылары бойынша үкімет басшылары Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы Өзара түсіністік туралы декларацияға қол қойды.
1992 жылы Ливияның қаржы министрі Қазақстанға сапармен келді, оның барысында Бірлескен Қазақстан-Ливия үкіметаралық комиссиясын құру туралы келісімге қол қойылды.
Ливия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Саад Мұстафа Мужбирдің 2000 жылғы қарашада Қазақстан Республикасына келген сапары екі жақты қатынастарды кеңейтуге айтарлықтай серпін берді. Ливия дипломатын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, Қазақстан Республикасының премьер-министрі мен Сыртқы істер министрі қабылдады, с
Страницы: << < 90 | 91 | 92 | 93 | 94 > >>