ы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара қатынастардың сипатын айқындау тұрғысынан маңызды болып табылады. 1995 жылғы қыркүйекте ИМ-нің Сыртқы істер министрі Ш. Перес Қазақстанға ресми сапармен келді51.
Израиль Қазақстанның діндер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамасын қолдауда. 2003 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері бірінші съезінің жұмысына Израильдің Бас раввині Йона Мецгер қатысты.
2005 жылғы қарашада Иордания Хашимит Корольдігінің (ИХК) королі Абдалла II бен Хусейн Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді. Мемлекет басшыларының келіссөзі өткізілді, оның барысында халықаралық және діни саясат, екі жақты ынтымақтастық мәселелерінің кең шеңбері қаралды. Сапар кезінде ҚР үкіметі мен ИХК үкіметі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісімге және Астана мен Амман қалалары арасындағы бауырластық туралы келісімге қол қойылды. Иордания королінің Қазақстанға алғашқы сапары және жоғары деңгейдегі келіссөздер халықаралық пішінде де, екі жақты пішінде де маңызды іс-шара болды. Ол Қазақстан мен Иорданияның халықаралық аренада тиімді әріптестер бола алатынын, өте пайдалы саяси пікір алысуды қолдай алатынын, белсенді кеңес бере алатынын және қазіргі заманғы көкейтесті мәселелер бойынша кейбір ұстанымдарды үйлестіре алатынын көрсетті.
Елдер арасында екі жақты үкіметаралық комиссия құрылды, ол ынтымақтастықтың неғұрлым келешегі мол бағыттарын айқындауға тиіс. Абдалла II корольдің арнаулы елшісі — Иордания Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал Халед әл-Сарайрехтің Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы каңтарда болған ұлықтау рәсіміне қатысуы екі жақты саяси байланыстардың жоғары деңгейін қуаттаулардың бір белгісі болды.
Сирия Араб Республикасының
Страницы: << < 89 | 90 | 91 | 92 | 93 > >>