ондай-ақ Қазақстан министрліктері мен ведомстволарында кездесулер өткізілді49.
2003 жылғы қаңтарда Триполи каласында Қазақстан—Ливия үкіметаралық комиссиясының 1-отырысы өткізілді, ол сауда-экономика саласындағы екі жақты өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындады. 2004 жылғы маусымда Ливияға «ҚазМұнайГаз» ЖАҚ-ның делегациясы барды, ол екі елдің арасында мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты жолға қою және жандандыру мәселелерін талқылады.
2. 2 Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Бүгінгі таңда халықаралық ұйымдар әлемде орын алып жатқан мәселелерді шешуде тек мемлекеттерге емес, сондай-ақ, барша әлемдік тәртіпке өз септігін тигізе алатындай маңызды рөлге ие болып отыр. Олардың құзырына мемлекеттер арасындағы тиімді халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты дамыту сияқты бастамалар кіреді.
Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни HYPERLINK "http://kk. wikipedia. org/wiki/D0ADD0BAD181D182D180D0B5D0BCD0B8D0B7D0BC" o "Экстремизм" экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды.
Қазақстан және БҰҰ. Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның мамандырылған мекемелерінің жұмысына барынша белсене қатысып келеді. БҰҰ жүйесінің ұйымдарымен ынтымақтастық Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының халықаралық аренада жаһандық және д
Страницы: << < 91 | 92 | 93 | 94 | 95 > >>