Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  88 | 89 | 90 | 91 | 92  >  >>

настар 1992 жылғы 6 сәуірде орнатылды. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап Таяу Шығыс проблемаларының әділ шешілуін, Израиль басып алған Араб жерлерінің азат етілуін, Палестина халқының БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылғы 181, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 242 жөне 338 қарарларына орай дербес тәуелсіз мемлекет құруға занды құқығын іске асыруды жақтайды. Қазақстан Палестинаны азат ету ұйымы (ПАҰ) мен Израиль арасындағы 1993 жылғы 13 қарашада кол қойылған принциптер туралы Декларацияны, «Уайт Плантейшн» (1998 жыл) және «Шарм аш-Шейх» (1999 жыл) келісімдерін, «Жол картасы» (2003 жыл) атты бейбіт реттеу жоспарын және тараптар 2005 жылғы 8 ақпанда Шарм аш-Шейхте қол жеткізген, өңірде бейбітшілік орнатуға жол ашатын соңғы уағдаластықтарды қолдады.
ПАҰ-ның, Палестина Ұлттық әкімшілігінің (ПҰӘ) төрағасы Я. Арафат 1991 жылғы желтоқсанда Қазақстанға алғашқы сапармен келді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жауап сапары 1995 жылғы желтоқсанда өтті, оның барысында экономика және өндіріс, мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге, сондай-ақ Бірлескен мазмұндамаға қол қойылды.
Қазіргі кезде Қазакстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы ынтымақтастықты дамытудың белгілі бір серпіні байқалып отыр. Саяси тұрғыда Израиль Қазақстандағы демократиялық және нарықтық реформалар үрдісін, Қазақстан Республикасының өңірдегі ықпалдасу саясатын қолдайды, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес үрдісін дамытуға белсене қатысып отыр.
Экономикалық салада өзара ынтымақтастыққа деген ықыластың арта түсуінің тұрақты үрдісі байқалуда. Мұның өзі түрлі салалардағы екі жақты қатынастардың айтарлықтай әлеуетін барынша нақты пайдалану үшін қолайлы жағдай жасайды.
Екі елдің Сыртқы істер министрлерінің өзара сапарлар

Страницы: <<  <  88 | 89 | 90 | 91 | 92  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: