КҚЖ-ны қайта кұру туралы хаттамаға, 1993 жылғы сәуірде «Атырау облысында геологиялық барлау және мұнай өндіруді бөлісу туралы» келісімге қол қойды.
1992 жылғы желтоқсанда 30 миллион доллар сомасында жаңа үлестік несие бөлінді. 1998 жылы Маскат Қазақстанға жаңа Астана қаласы үшін 10 миллион АҚШ доллары мөлшерінде бірінші болып тегін қаржылық көмек берді. Бұл қаражат бірқатар нысандар салу үшін пайдаланылды. Олардың ең бастысы «Салтанат сарайы» еді.
2005 жылғы желтоқсанда Мұнай және газ министрі М. әл-Румхидің Астанаға сапары барысында Қазақстан Республикасының үкіметі мен Оман Сұлтандығының үкіметі арасында «Інжу-маржан» құрылымында өнімді бөлісу туралы келісімге (ӨБК) қол қойылды.
2002 жылы Қазакстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев сұлтан Кабус бен Саидты 1-дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
1997 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Кувейт мемлекетіне алғашқы ресми сапармен барды. 1997 жылғы 18 қыркүйектен 1 қазанға дейін Қазақстанда Кувейт Араб экономикалық даму қорының (КАЭДҚ) делегациясы болды.
1999 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының үкіметі мен КАЭДҚ арасында үкіметтің жаңа ғимаратының құрылысына арналған грантты пайдалану жөніндегі келісімге қол қойылды.
1998 жылғы шілдеде Бахрейн Сауда-өнеркәсіптік палатасы (СӨП) федерациясының делегациясы Алматы қаласында болды, мұнда Қазақстан Республикасының СӨП, «Атакент» Іскерлік ынтымақтастық орталығы, Кеден басқармасы, «Эйр Қазақстан» компаниясы өкілдерімен келіссөз жүргізілді. Бахрейн компаниясы Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне мүше алты елдің сауда көрмесіне қатысты, бұл көрме 1999 жылғы мамырда Алматы қаласында өтті.
Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті (ПМ) арасындағы дипломатиялық қаты
Страницы: << < 87 | 88 | 89 | 90 | 91 > >>