Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  84 | 85 | 86 | 87 | 88  >  >>

ағы өзара тиімді ынтымақтастықтың негізі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1994 жылы Сауд Арабиясына барған ресми сапары, сондай-ақ САК премьер-министрінің екінші орынбасары, Қорғаныс және авиация министрі, САК Бас инспекторы бекзада Сұлтан бен Әбдел Әзиздің 2000 жылы Қазақстанға келген сапары барысында қаланды.
Екі мемлекеттің негізгі халықаралық және өңірлік проблемалар бойынша, атап айтқанда, Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу, Ирак пен Ауғанстанды соғыстан кейінгі сауықтыру, халықаралық лаңкестікке қарсы күрес және өңірлік қауіпсіздікті нығайту проблемалары бойынша ұстанымдарының ұқсастығын атап өту ләзім. Қазақстан мен Сауд Арабиясы ЮНЕСКО-ның түрлі органдарына мүшелікке кандидатураларды ұйымның бас конференциясының 2003 жылғы қазанда болған 32-сессияның жұмысы кезінде өзара қолдады.
Әр-Рияд Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші съезін шақыру жөніндегі бастамасын колдады. Съезге Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы Абдалла бен Әбдел Мухсин ат-Түркидің және САК-тің юстиция министрі Абдалла Әл аш-Шейхтің қатысуы Қазақстан бастамасын ислам әлемінің салиқалы қолдауына айналды.
Қазақстан Таяу Шығыстағы жетекші елдердің бірі Мысыр Араб Республикасымен дәстүрлі достық өзара қатынастарға зор мән береді. Қазақстан Мысыр байланыстарының ұлғаю және терендеу үрдісі бар. Екі ел арасындағы саяси және ішінара — сауда-экономикалық саладағы сындарлы ынтымақтастық арта түсуде, оның толық өріс алуына ЕАМ-дағы күрделі ішкі экономикалық жағдай, сондай-ақ көлік проблемалары кедергі жасап отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы ақпанда ЕАМ-ға барған алғашқы ресми сапары Қазақстан-Мысыр қатынастарының тарихы

Страницы: <<  <  84 | 85 | 86 | 87 | 88  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: