Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  82 | 83 | 84 | 85 | 86  >  >>

ысушы мемлекет басшыларының саммитіне қатысуы (2005 жыл) екі жақты қатынастар тарихындағы маңызды кезеңдер болып табылады.
Бүгінгі таңда Астана мен Тегеран арасында 60-тан астам мемлекеттік, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен құжаттарға қол қойылды, олар өзара қатынастардың сенімді шарттық-құқықтық негізі болып табылады.
Басты мәселелер сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық ынтымақтастық және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастықты дамыту аясында болып отыр. Тараптар ЭЫҰ өңірінде көлік инфрақұрылымын жасактауға, оған қоса мұнай және газ құбырлары жобасын әзірлеуге ерекше ықылас танытуда.
Қазақстанда Иран капиталының қатысуымен — сауда, ұн өндірісі, ғимараттар құрылысы, астық өндіру, астық және жаңа дайындалған кондитерлік тағамдар саласында 47 шағын кәсіпорын жұмыс істейді. 2003 жылғы 26 желтоқсанда Бам каласында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді.
Қазақстан Ауғанстан басшылығының елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, саяси, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық проблемаларды шешуге бағытталған күш-жігерін қуаттайды.
1993 жылы Стамбұл қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Ауғанстан Ислам Мемлекетінің (АИМ) Президенті Б. Раббанимен кездесті. Оның барысында екі жақты ынтымақтастықты жандандыру және осы елге гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес Қазақстан тарабы Ауғанстанға құрылыс материалдары мен тамақ өнімдерін жеткізіп берді.
2004 жылғы сәуірде Президент Х. Карзай Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді. Сапар барысында Қазақстан Республикасы мен АИМ арасындағы өзара қатынастар мен ынтымақтастықтың негіздері туралы шартқа және Қазақстан Республикасыны

Страницы: <<  <  82 | 83 | 84 | 85 | 86  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: